Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық қонақтары

2024 жылдың 9 наурызында «Сарайшық» музей-қорығына театр және кино актері, тележүргізуші, «Оян, қазақ» фильмінің бас кейіпкері Бақыт Қажыбаев пен балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай келді. Музей экспозициясын аралап, ортағасырлық жәдігерлермен танысқан меймандар, экскурсия аяғында алғысын білдіріп, алған әсерлерімен, жылы лебіздерімен бөлісіп, пікір қалдырды.