Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Мемлекеттік архив басшысы Сарайшықта

2023 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында «Сарайшық» музей-қорығына Атырау облысы Мемлекеттік архив басшысы Қуанышев Қайрат Құлмұхамедұлы келіп, Сарайшық қаласының тарихымен танысты. Музей экспозициясын аралап, ортағасырлық жәдігерлермен танысып, ертеден ауыздан-ауызға тарап, сақталып келген Сарайшықтың аңыздарын тыңдады. Экскурсия аяғында мейман алғысын білдіріп, алған әсерімен, жылы лебіздерімен бөлісті.