Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықтағы халықаралық байланыс

2023 жылғы 3 қарашада “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Саха Республикасындағы “Таатта” Ытык-Кюель әдеби-көркем музей-қорығымен ынтымақтастық келісімшарты аясында әріптестерге онлайн көрме ұйымдастырды. “Таатта” музей-қорығының қызметкерлері “Өнер түні-2023” шарасы барысында көрмені тамашалап, жылы тілектерін білдірді.