Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Алғыс білдіру

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Сапар орталығында қазан айында қойылған “Жемнің лебі” атты аудан суретшілер көрмесі жоғарғы деңгейде өтті. Көрмеге өз туындыларын қойған суретші – график, “Қол өнер дауысы” өнер фестивалінің Гран При иегері – Уразғалиев Рзабай, мүсінші, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі – Мәтениязов Серік Қамидоллаұлы, суретші, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі – Мамырова Ләззат Оңғарқызы, аудандық музейде жөндеуші – суретші, аудандық көрменің дипломанты – Қыдыров Қосқұлақ Қайрошұлы, суретші, облыстық фестивальдің жеңімпазы – Дәумегенов Бағытжан Баққараұлы, өнер мектебінің мұғалімі, облыстық фестивальдің Гран При иегері – Елтезерова Нұргүл Қадірқызы, графика дизайнері, жас техниктер станциясында үйірме жетекшісі, облыстық қолөнершілер байқауының лауреаты – Шалабаев Қуаныш Шалабайұлы, 13 орта мектепте сурет пәнінің мұғалімі, республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпазы – Мақсотова Нұрила Ғабиденқызына музей-қорық ұжымы алғысын білдіре отырып, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейді.