Пресс-тур

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен пресс-тур барысында сапар орталығына келген БАҚ өкілдерін музей-қорық директоры, т.ғ.д. Ә. Мұқтар қарсы алып, “Сарайшық” музей-қорығының тыныс-тіршілігі жайлы мағлұмат берді. Кейін журналистерге сапар орталығындағы музей экспозициясы залдары мен жәдігерлерді қайта қалпына келтіру және қолөнер лабораториясына арнайы экскурсия жүргізіліп, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде түсіндірілді. Арнайы шақырылған қонақтарға пресс-тур барысында “Сарайшық” музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар “Музей-қорықтың ғылыми жетістіктерін” баяндап, имиджік өнімдерге тоқталып өтті. Журналистер ғылыми жоба аясында жаңадан табылған алтынордалық мекендерге қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, музей-қорықтың бас инспекторы, археолог А.Тұрарұлы “Сарайшық музей-қорығынан 2020-2023 жылдары табылған құнды жәдігерлермен” таныстырса, музей-қорықтың PR менеджері А.Мұстажап “Музей-қорықтың ақпараттық-насихаттық жұмыстары” туралы ақпарат берді. Пресс-тур қонақтары сапар орталығын аралап болған соң, ортағасырлық Сарайшық қаласына барды. Ортағасырлық Сарайшық қаласындағы жаңа нысандармен, атап айтқанда туристерге арналған батыс қақпа мен қалпына келтірілген алтынордалық тұрғын үй-жайларды музей-қорықтың ғылыми қызметкері, археолог Ж.Байғалиев таныстырды. Ал археологиялық қазба орындарындағы табылған археологиялық нысандармен археолог А.Тұрарұлы таныстырып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |







