Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық – Астана қала

Сарайшық – Астана қала

“Сарайшық” музей-қорығының ғалым хатшысы А. Жұмабаев №7 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сарайшық – Астана қала» атты кездесу кешіне қатысты. Шараға қатысқан Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей оқушыларына Еділ мен Жайық өңірі тарихының ұлы парағы – Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының астанасы – Сарайшық туралы мол мағлұмат берді. Сарайшық қаласының қазіргі таңдағы археологиялық қазба жұмыстары, тарихи жәдігерлер,ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтылды. Оқушылар көне қалаға саяхат жасағандай әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарын еркін қоя алды.