Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Жемнің лебі” көрмесі

“Сарайшық” сапар орталығында “Жемнің лебі” атты Жылыой аудан суретшілері көрмесі жалғасуда. Бұл көрмеде сіздер елімізге танымал Қазақ өнерінің қайраткері, Абай Құнанбайұлы, Исатай Тайманұлы секілді ұлы тұлғалардың мүсінінің авторы – Серік Матениязовтың “Қасым хан”, “Мұнай көзін тапқан Бешім Қызылбасов”, суретші-график, “Қол өнер дауысы” өнер фестивалінің Гран При иегері – Уразғалиев Рзабайдың “Рахмани түс”, “Сәтті сапар”, жөндеуші-суретші, аудандық көрменің дипломанты – Қыдыров Қосқұлақтың “Қараша. Шилікөл”, “Шоқпартоғай кеші”, суретші, облыстық фестиваль жеңімпазы – Дәумегенов Бағытжанның “Лотос гүлі” сияқты туындыларымен таныса аласыздар. Сіздерді “Сарайшық” сапар орталығына көрмені тамашалауға шақырамыз.