Ғылыми қызметкерлер кездесуі

Бүгін, 16 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, т.ғ.к., археолог Андрей Пушкаревпен музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар және музей-қорық ғылыми қызметкерлері кездесу өткізді. Кесдесу барысында А. Пушкарев ортағасырлық Сарайшық қаласының аумағында магнитометриялық түсірілім жасаудың мүмкіндігі, одан алынатын нәтижелер туралы әңгімеледі. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқару туралы келісілді.




