Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Махамбет Өтемісұлының тарихи мұрасы

Махамбет Өтемісұлының тарихи мұрасы

2023 жылғы 13 қазанда “Сарайшық” сапар орталығында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Махамбет аудандық білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай “Махамбет Өтемісұлының тарихи мұрасы” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиында модераторлар “Сарайшық” музей-қорығы директор орынбасары, магистр Ж. Диярова және Қ.Қалыбеков атындағы Сартоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Т. Пангерей болды. Конференцияда барысында Атырау облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Т. Қайырова және Махамбет аудандық білім бөлімі басшысы В. Қабышева кіріспе сөз сөйлеп, конференция жұмысына және баяндамашыларға сәттілік тіледі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, т.ғ.д. Л. Бердіғожин , “Өрлеу” біліктілікті арттыру филиалы директоры м.а. Ж. Нұртілеуова, Махамбет аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің тарих пәні мұғалімі Д. Жұқатаева, Д. Төленов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі С. Купашев, Ақтоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі С. Кумашева және Қызылүй орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А. Тлепова баяндама жасады.