Нұр-Сұлтан қаласында “Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы” атты көрме ұйымдастырылды
28-29 ақпанда «Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық архив ғимаратында атақты Қасым хан ордасын тіккен, Алтын Орданың рухани астанасы, Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан Сарайшық қаласының тарихына арналған «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмесі өтті. Көрмеге негізінен Сарайшықтың археологиялық қазбалары кезінде табылған жәдігерлер қойылған. Сондай-ақ Ұлық Ұлыс астаналары Сарай-Бату, Сарай-Берке және Ақ-Сарайдан әкелінген мұраларда тамашаланды.




