Ресей Ғылым академиясы Археология инстиутымен байланыс орнатылды

Бүгін, 2023 жылдың 9 қазанында Москва қаласында «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК басшысы, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, музей-қорық ғалым хатшысы А. Жұмабаев Ресей Ғылым Акаадемиясы Археология институтының ғалым хатшысы М.В. Вдовиченкомен кездесіп, болашақ бірлескен өзара ғылыми байланыстар туралы пікір алмасты. Кездесу барысында өзара келісімшартқа қол қою, институт журналында мақалалар жариялау, археологиялық қазбаларға маман тарту, институт лабораторияларын пайдалану, ғалымдар дайындау мәселелері қозғалды. Кездесу болашақ нәтижелерге жол ашпақ.




