Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Құттықтау

Құттықтау

28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Тойбаев Әділет Жүнісұлының бұйрығымен т.ғ.д. Самашев Зайнолла Самашұлына, т.ғ.к. Атығаев Нұрлан Әділбекұлына профессор ғылыми атағы, сондай-ақ, т.ғ.к. Мұхитов Қабибек Сәдірұлына қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Тарих және археология ғылыми бағыты бойынша берілді.

«Сарайшық» музей-қорығы ұжымы ғалым профессорларды құттықтай отырып шығармашылық табыстар, бірегей еңбектер, зор денсаулық тілейді. Еліміздің өркендеуі жолында қызмет ете беріңіздер. Жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын!