Сарайшықтағы ашық кездесу

2023 жылғы 28 тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің Махамбет ауданындағы көшпелі отырысы аясында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Махамбет аудандық Ақсақалдар кеңесі мүшелері, Махамбет аудандық Аналар кеңесі мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері келіп, Сарайшық ауылының ақсақалдары және жастарымен ашық кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жиналған ақсақалдар жастарды үлгілі тұлға болуға, елге адал қызмет етуге шақырды.




