Жазғы мектептің екінші күні

Бүгін Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының «Ұлы Дала елі» орталығында Музей мамандарының Жазғы мектебінің екінші күні өтті. Бүгін өткен дәріс барысында спикерлер қатысушыларға экскурсия қызметі, менеджмент, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу тақырыптарында сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және туризм саласының еңбек сіңірген қызметкері Бақыт Қамалқызы Оразымбетова «Экскурсия жетекшісі (гид) – экскурсия қызметінің маңызды тұлғасы» тақырыбында арнайы дәріс беріп, көпжылдық жеке тәжірибесімен бөлісті.




