Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Грузия елінің делегациясы Сарайшықта

Грузия елінің делегациясы Сарайшықта

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Сарайшық» сапар орталығына Грузия елінің делегациясы келді. Делегация құрамында Боржоми қаласының мэрі – Отар Арболашвили, Боржоми муниципалитетінің басшысы – Давид Заалишвили, IDS Borjomi Грузия компаниясының президенті және Қазақстан Республикасының Грузиядағы құрметті консулы – Леван Багдавадзе болды. Құрметті қонақтарды сапар орталығында директордың орынбасары Жанар Диярова қарсы алды. Келген қонақтар көне Сарайшықтың тарихы мен аңыздарымен танысып, қала орнын тамашалады.