Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сарайшыққа келді

Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сарайшыққа келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Васюлис Гинтаутас арнайы келді. Мәртебелі қонақты “Сарайшық” сапар орталығында музей-қорық директорының орынбасары Жанар Диярова қарсы алды. Елші мырза Сарайшық қаласының тарихымен танысып, ортағасырлық қаланың қазба орындарында болды және Кендір Отарбай Қанатұлының “Алтын Орда мұрасы” атты жеке шығармашылық көрмесін тамашалады.