Түркістандық қыш жасаушы шебер Сарайшық.
Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы көпшілікті қызықтырады. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Түркістан қаласынан қыш бұйымдар жасаушы шебер Абайхан Рысбаев келіп, Сарайшық қыш бұйымдарымен танысты. Шебердің негізгі мақсаты болашақта Түркістан қаласында құрылатын «Ұлы Дала» мұражайының экспозициясына арналған Сарайшық қыш бұйымдарының көшірмелерін жасау. Шебер Сарайшық қыш бұйымдарын көптен бері зерттеп жүр. Соған байланысты Сарайшық қыш бұйымдарының жасалу техникасы, ерекшеліктері туралы өзіне белгілі мәліметтермен бөлісті.




