Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ортағасырлық қаланы жаңғырту жұмыстары қолға алынды

2023 жылғы 11-12 мамырында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына “Қазқайтажаңарту” РМК-нің участке бастығы Бекбергенов Нуртулла Ахмадұлы іс сапармен келді. Іс сапар мақсаты биыл ортағасырлық қала орнында жүргізілетін жаңғырту жұмыстарының ауқымын жоспарлау, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілермен байланыс орнату, т.б. алдын-ала ұйымдастыру жұмыстары.