Сарайшық музей-қорына Абай мұрасы табысталды.
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қоры, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, 1940 жылы Алматы қаласында латын қарпімен басылып шыққан «Абай Құнанбайұлы Толық жинақ» (ABAI QЙNANBAI ЙLЬ TOLЬQ ҪINAQ) кітабымен толықты.
Бұл кітап Сарайшық ауылында тұрған, ұстаздық қызметпен айналысқан Тұрар Алпысбаевтың жеке кітапханасында сақталған жәдігер. Тұрар ағамыз 40 жылдан аса Атырау облысы Махамбет ауданының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және бастауыш сыныптарға сабақ берген. Ағамыздың жұбайы мен ұрпақтары Ұлы Абайдың ертеректе шыққан шығармалар жинағын музей қорына тапсыруға шешім қабылдады.





