Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Алматыда халықаралық конференция өтті

31 наурызда “Марғұлан оқулары – 2023” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық бөлімінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы А. Тұрарұлы “Қарағайлы кесенесінің қазба жұмыстары” тақырыбында, ғалым хатшы А. Жұмабаев “Сарайшықтағы №3 қазбадағы жұмыстар” тақырыбында баяндама жасады. Баяндамаларды тыңдаушылар жақсы қабылдап, қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.