«Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуында Алтын Орда мәселесі көтерілді.
2020 жылғы 5 ақпанда «Сарайшық» музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар «Qazaqstan» телеарнасында «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуына қатысты. «Ұлық Ұлыс – 750» тақырыбындағы пікірталасқа «Skype» әлеуметтік желісі арқылы Сарайшықтың туризм бағытындағы әлеуетін және былтырғы жылы жасалынған жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар Президент Қ.Ж.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өту жөнінде «Сарайшық» музей-қорығының бірнеше жобасы үкіметке ұсынылғанын жеткізді. Бұл жобалар «Қазақстанның батысындағы керуен жолдары жүйесін зерттеу», «Сарайшық туралы шетел архивтері деректерін жинау», «Сарайшық цитаделін қалпына келтіру», «Еділ-Жайық өзенаралық аймағындағы алтынордалық қалалардың туристік әлеуеті» туралы болатын.
2019 жылы жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделінің қақпасы орны ашылған болатын. Осыған байланысты бүгінгі күні қақпаны қалпына келтіру мақсаты көзделуде.




