Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорықтың қор сақтаушысы халықаралық конференцияға қатысты

Музей-қорықтың қор сақтаушысы халықаралық конференцияға қатысты

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы Т. Мұғиев 9 желтоқсан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты “Отырар” мемлекеттік археологиялық музей-қорығының” ұйымдастыруымен өткен «Археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және қайта жаңғырту мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Жиында “Сарайшық” музей-қорығының халықаралық деңгейде атқарған жұмыстары туралы “Сарайшық музейінің халықаралық мәдени ынтымақтастығы” тақырыбында баяндама жасады.