Облыс әкімі Сарайшық музей-қорығында
Бүгін 20 қаңтарда Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов жұмыс сапарымен «Сарайшық» музей-қорығына арнайы келіп, мекеме қызметімен танысты. Облыс әкімі болашақта салынатын «Сапар орталығының» орны, жобасы және мақсатымен, Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмыстарының маңызын, музей-қорықты дамыту, туристік орталық ретінде қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды. Облыс әкімі 2019 жылы археологиялық қазбадан табылған жәдігерлерге қызығушылық танытты.
Музейдің пікір кітабына «Сарайшық мұражайы ұжымына, жұмысшылардың істеп жатқан еңбектеріне табыс тілеймін» деп қолтаңбасын қалдырды.




