Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта қазба маусымы аяқталды

Сарайшықта қазба маусымы аяқталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасы бойынша ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы #3 қазбада археологиялық зерттеу жұмыстарының биылғы маусымы аяқталды. Т.ғ.д., профессор Ұ.Т. Ахметованың жетекшілігімен музей-қорық археологтары А. Тұрарұлы, А. Жұмабаев, Н. Жексенбаев, Ж. Байғалиев тамыз-қыркүйек айында қазба жұмысын жүргізді. Қазбаға Сарайшық ауылынан 10 жұмысшы қатысты. Қазба барысында алтынордалық тұрғынжай бөлмелері ашылып, тұрмыстық заттар табылды.