Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Отырар” археологиялық музей-қорығының Атырауда көрмесі басталды

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Отырар” мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты. Ашылу салтанатында «Сарайшық» музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар құттықтау сөз сөйлеп, көрменің сәтті өтуіне тілек білдірді.