Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ғылыми туындыларына авторлық құқық куәлігін алды.

Сарайшық музей-қорығы ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше ден қойды. Нәтижесінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың архив деректері негізінде жазылған Атырау облысын басқарған бірінші басшылар туралы «Біріншілер (1938-2018 жж.)» және Ә.Мұқтар мен ғалым-хатшы, магистр Ж.Диярованың «Сарайшық музей-қорығы тарихы (1963-2018 жж.)» атты монографиялары жарық көрді. 2 монография да 2019 жылы 9,13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы» куәлігіне ие болды.