Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Облыс әкімінің қабылдауында

Облыс әкімінің қабылдауында

9 мамырда Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов Махамбет ауданының әкімі Р.Жанқылыш пен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ә.Мұқтарды қабылдады. Кездесуде басты мәселе ретінде ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихи ескерткішінің жалпы даму жоспары пысықталды. Облыс әкімі Сарайшықта бүгінгі жүріп жатырған жұмыстармен танысып, алда тұрған келелі мәселелерге қолдау танытатынын білдірді. Бүгінгі кезде құрылысы жүріп жатқан «Сарайшық» сапар орталығының барысымен, туристік әлеуетімен, ғылыми-зерттеудің болашағы туралы облыс әкіміне баяндалды.