2019 жылы 30 желтоқсанда «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Ғылыми кеңесте 2019 жылдың қорытындысы тыңдалып, 2020 жылға жоспарланған жұмыс жоспары бекітілді. Музей-қорық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарымен марапатталды. Музей-қорықтың директоры орынбасары А.Тұрарұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, музей-қорық бас есепшісі А.Қайреденова, ғалым хатшысы Ж.Диярова, археолог М.Әбдіғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.








