Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Аққали Қабижанұлына алғыс

Аққали Қабижанұлына алғыс

2022 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қоры Мысырды 17 жыл билеген бабамыз Сұлтан Бейбарысқа қатысты құнды жәдігермен, яғни бабамыз салдырған мешіттің кірпіштерімен толықты. Жәдігерлерді музей-қорық Ғылыми кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Қабижанұлы Ахмет «Каспийден кеткен қыпшақтар» атты деректі фильмді түсіру барысында Мысыр Араб Республикасына жасаған іс сапары кезінде арнайы «Сарайшық» музей-қорығына тапсыру үшін алып келген. Бейбарыс бабамыз билеген кезінде Мамлюктер мемлекеті Алтын Ордамен тығыз байланыста болып, ислам дінін қорғап насихаттауда бірлесе күрескен. Баға жетпес жәдігерлермен музей-қорық қорын толықтырып, әрдайым тарихи құнды жәдігерлер тапсырып, бізге қолдау көрсетіп жүрген Аққали Қабижанұлына ұжым атынан зор алғысымызды білдіреміз.