“Сарайшық” музей-қорығында Ғылыми кеңес өтті

2022 жылғы 31 наурызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК кезекті Ғылыми кеңес отырысын өткізді.
Ғылыми кеңеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары т.ғ.д., Л.Бердіғожин, т.ғ.д. Ұ.Ахметова, т.ғ.д., А.Ахмет, т.ғ.к. Ж.Мұстафин, а.ш.ғ.д., Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Б.Мұхамбетов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т.Жаңабай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі, өлкетанушы Ө.Әлімгерей, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ф. Байдәулетов, Сарайшық ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Х.Сисенғалиев, ауыл ардагерлері И.Сұлтанов, Ж.Құралбаева, Ғ.Амиров және музей-қорық қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіне «Сарайшық» сапар орталығының музейін экспозициялау, 2022 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары, далалық экспедициялар мен «Хан моласы» археологиялық қазбасы жұмыстарына дайындық, «І Сарайшық оқулары – 2022» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындық және музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтардың «Сарытоғай ауылының тарихы» монографиясын баспаға ұсыну мәселелері шығарылды. Отырыста Ғылыми Кеңес мүшелері мен шақырылған қонақтар өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, көтерілген мәселелерді бірауыздан қолдады.
Кеңес отырысы соңында , т.ғ.д., профессор А. Ахмет Мысыр еліне жасаған іс-сапары барысында алып келген Бейбарыс Сұлтан мешітінің ортағасырлық түпнұсқа кірпіштерін «Сарайшық» музей-қорығына тапсырды.




