Сенаторлар Сарайшыққа келді

Жұмыс сапарымен келген Атырау облысынан сайланған Сенат депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Сарайшықта құрылысы басталған «Сапар орталығы» басында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш, «Сарайшық» музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар, құрылыс жүргізуші «АС Құрылыс» ЖШС-нің директоры Нұрлан Дильмановпен кездесті. Кездесу барысында «Сапар орталығы» құрылысының жүрісі және ондағы музей экспозициясы мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, Сарайшықта Қасым ханға көше атауын беру, Атырау-Орал қалалары трассасы бойында Қасым ханға ескерткіш орнату мәселелері көтерілді. Сенат депутаттары жүргізіліп жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар мәселелерді республика деңгейінде шешуге қолдау білдіретіндерін жеткізді.




