Нұр-Сұлтанда Сарайшықтың мәселесі көтерілді

“Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар Нұр-Сұлтан қаласына барған іс-сапарында Атырау облысынан сайланған Сенат депутаттары Ғұмар Исламұлы Дүйсембаев және Сағындық Есенғалиұлы Лұқпановпен кездесіп, “Сарайшық” музей-қорығының даму жоспары бойынша пікірлесті. Әңгіме барысында Сарайшық ескерткішін қоршау, қорғау құжаттамасын жасақтау, “Сапар орталығын” музейлендіру жұмыстары талқыланды.




