“Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылған кітаптар талқыланды
2022 жылы 24 ақпанда “Сарайшық” музей-қорығының ғылыми қызметкері Ж.Байғалиев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ұйымдастырылған ғылыми кітапхана қорына қосылған “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылған кітаптарды талдауға қатысты. Бас қосуда т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры У.Ахметова, Ж.Байғалиев және тарих мамандығының 4-ші курс студенті И.Айса Людмила Джорданованың “Тарихи білім: пәні және зерттеу әдістері” атты кітабының жалпы мазмұнын және тараулардың негізгі мағынасын талқылады.




