Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығы өнер галереясында көрме ұйымдастырды

“Сарайшық” музей-қорығы өнер галереясында көрме ұйымдастырды

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” қорындағы көркемсурет туындылары Атырау қаласында “Ait gallery” заманауи өнер галереясында көрмеге қойылды. Көрменің ашылуында музей-қорық директорының орынбасары А. Тұрарұлы сөз сөйлеп, көрмені тамашалаушыларға мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналатын өнер туындыларының маңызы туралы айтып берді. Жәдігерлермен таныстырушы Т. Мұғиев көрмеге келушілерге әр туындыны таныстырып, толыққанды мәліметтер берді. Көрмені 20 ақпанға дейін тамашалауға болады.