Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

16 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және архив ісі мәселелері жөнінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, өңірлердің Мәдениет басқармаларының басшылары және Министрлікке бағынысты ұйымдардың жетекшілері қатысты. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес спикерлердің ақпараттары мен ұсыныстары тыңдалып, жиын соңында министр Д. Абаев министрліктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындыларын баяндады. Министр баяндамасында «Сарайшық» сапар орталығы құрылысының басталғанын атап өтті.