Музей-қорық басшылығы Ескі Сарайшық ауылында округ әкімі есебіне қатысты
8 ақпанда Ескі Сарайшық ауылында округ әкімі Жексенбай Дүйсенбайұлы Пазулов тұрғындар алдында есеп берді. Жиында атқарылған жұмыстар мен ауылдық округтің өзекті мәселелері бойынша ашық талқылау болды. «Сарайшық» музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар Сарайшық ауылдық округі әкімінің есебі бойынша пікірін білдіріп, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қанағаттанарлық деп бағалады. Басты мәдени мұрамыз ортағасырлық Сарайшық қаласын сақтау, насихаттау бойынша мәселелерде ауыл тұрғындарының, округ әкімшілігінің әрқашан қолдауына иек артатынын жеткізді.




