«Сарайшық» музей-қорығы алғысын білдіреді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, бас археолог А.Тұрарұлы, бас қор сақтаушы О.Сағынбаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
«Сарайшық» музей-қорығы ұжымы еңбегінің еленіп, әрдайым жаңа еңбек жетістіктеріне бағыттайтын, әрі қолдау білдіретін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ерекше алғысын білдіреді.




