Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Тәуелсіздік күніне орай «Сарайшық» музей-қорығы қызметкерлері марапатталды

2021 жылы 22 желтоқсан күні «Сарайшық» музей-қорығының Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Отырыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, музей-қорық директор орынбасары А.Тұрарұлы, бас қор сақтаушы О. Сағынбаеваны марапаттаумен басталды. Марапаттарды Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Аруев табыс етті. Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, марапаттауға ұсынған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіреміз.