Сарайшық музей қорығы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандум өзара бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға жол ашады. Сонымен бірге университет ғалымдары, студенттері ортағасырлық Сарайшықтың жаңа беттерін зерттеуге қатыспақ.




