Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ғылыми-техникалық кеңес

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық нысандарды сақтау бойынша ғылыми-техникалық кеңес өтті. Модератор Әбілсейіт Мұқтар іс-шараның мәніне тоқталып, Кеңесте айтылатын ұсыныстардың Мәдениет және спорт министрлігіне жолданатынын жеткізді. Музей-қорықтың бас инспекторы А.Тұрарұлы түгелге жуық саз балшықтан тұрғызылған көне қалалардың сақталуы өзекті мәселе екенін жеткізді. Саз балшықты ғимараттар табиғи әсерлерге төтеп бере алмайтынын айта келе, әр нысанды жел, күн, судан қорғай алатындай толықтай жабудың тиімді технологиясын қолдануды ұсынды. Археолог В.Плахов саз балшықтан жасалған ғимараттарды сақтаудың тиімді түрлері шетелдерде қолданыста бар екенін, сол қолданылған материалдарды Сарайшықта пайдаланудың жолын табуды айтып өтті. Археолог М.Елеуов шетелдерде әр археологиялық нысан жеке-жеке шынымен жабулы тұратынын көргенін айтты. Үстімен адам жүрседе сынбайтын мықты шынылар қолданыста екенін, сол технологияларды елімізде пайдалану қажет екенін ұсынды. Елімізде реставрациялық жұмыстарға монополия орнату оны өте қымбатқа шығаратынын атап өтті. Сондықтан бәсекелес орта қалыптастыру керек. «Сарайшықтағы «Хан моласы» нысанын сақтауға қазірден бастап кіріспесе, кеш қалуымыз мүмкін» деді профессор М.Елеуов. Кеңеске қатысушылар Сарайшықтан әр тарапқа бағытталған сауда жолдарының музей-қорық археологтары анықтаған маршруттарын оң бағалап, ғылыми зерделеуді жалғастыра беруді мақұлдады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru