Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта онлайн семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Өткеніміз болашақтың тілімен: тарихи экспозициялардағы жаңа медиа» ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – өткен тарихтың мән-мағынасы мен эстетикасын заманауи өнер мен техника арқылы жеткізу тәсілдерін талқылау, тәжірибе алмасу, музей келушілерінің санын арттыруға тиімді бағыттарды енгізу. Семинарға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени мемлекеттік қорық-музейі, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, "Ордабасы" тарихи-мәдени ұлттық музей-қорығы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі, Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің өкілдері қатысты. Тақырып аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғалым-хатшысы Елекенова Раушан Алиханқызы «Заманауи үлгіде жасақталған музей», «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Жұмаханұлы Досхан «Музей – ел тарихының айнасы», Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) секторының маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Карамурзина Ажар Конысқызы «Өткеніміз болашақтың тілімен: тарихи экспозициялардағы жаңа медиа», Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Оразалиева Гүлжанар Ибадуллақызы «Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық батпақты қалалар», «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Сағынбаева Орын Қалиқызы «Музейдің жаңа жобалары» атты баяндамалар жасады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru