Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Алтын Орда – Сарайшық: ата тарихымыздың даңқты беттері» атты дөңгелек үстел

2021 жылғы 10 желтоқсанда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Х. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе «Алтын Орда – Сарайшық: ата тарихымыздың даңқты беттері» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Нұрмұханұлы Идрисов пен "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар ашты. Шараға Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев арнайы қатысты. Дөңгелек үстел барысында "Сарайшық" музей-қорығы мен Атырау университеті аралығындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сөз сөйлеушілер қатарында т.ғ.д., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Ұлжан Төлегенқызы Ахметова «Алтын орданы зерттеу және музей-қорық ғылыми жобалары», т.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Жеңісбек Жұпболұлы Мұстафин "Сарайшықтың Алтын Ордадағы рөлі", т.ғ.к., Х.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археология және этнологиясы ғылыми-зерттеу институты ғылыми қызметкері Марат Сейтжанұлы Қасенов "Алтын Орда қалалары мен мекендері", "Сарайшық" музей-қорығының ғылыми қызметкері Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев "2021 жылғы археологиялық қазба барысында табылған алтынордалық тұрғынжай", музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Жүніс Рүстемұлы Байғалиев "Хан моласын" зерттеу және оның нәтижелері" тақырыптарындағы баяндамаларын талқылады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru