Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Молдаш Бердімұратов және Қазақстандағы музей ісінің дамуы» тақырыбымен онлайн дөңгелек үстел

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Молдаш Бердімұратов және Қазақстандағы музей ісінің дамуы» тақырыбымен онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК директорының орынбасары Беспалинов Алишер Тлеуғазыұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бөлімінің инспекторы Хайыргельдинов Руслан Ерланұлы, Мақат аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Айдаралиева Құралай Әлжанқызы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Исатай аудандық музейі бөлімшесінің меңгерушісі Жұбанова Гүлмарал Бағытжанқызы, «Атамұра» Жылыой аудандық музейінің әдіскері Нұрмашова Жазира Бердіқұлқызы, Махамбет аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Есқабылова Қарлығаш Бекболсынқызы, «Сарайшық» музей-қорығының бас қор сақтаушы Сағынбаева Орын Қалиқызы қатысып, баяндамалар жасады. Шара барысында өзара сұрақ-жауап түрінде диалог орнап, болашақта бірлесе жұмыс жасау ұсыныстары айтылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru