Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Ұлық Ұлыс керуен жолдары: Сарайшықтан Еділ бойындағы Сарайларға дейін» тақырыбында далалық семинары

2021 жылғы 28 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және  керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)» ғылыми жобасы аясында жаңадан анықталған Ұлық Ұлыстық мекенде, археологтардың «Ұлық Ұлыс керуен жолдары: Сарайшықтан Еділ бойындағы Сарайларға дейін» тақырыбында далалық семинары өтті. Далалық семинарға ғылыми жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова, «Сарайшық» музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар, Қазақстандағы керуен жолдары мен керуен сарайлар бойынша маман, археолог, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов (Алматы қ.,), археолог, т.ғ.к., профессор Амантай Исин (Семей қ.,)  археолог, т.ғ..д., профессор Мұқтар Қожа (Түркістан қ.,), археолог, т.ғ.к., Марат Касенов (Атырау қ.), археолог, PhD докторы Айбар Қасеналин (Нұр-Сұлтан қ.), археолог Сырым Есен (Нұр - Сұлтан қ.), Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиев, «Сарайшық» музей-қорығының археологтары Айбек Тұрарұлы, Амангелді Жұмабаев, Жүніс Байғалиев және БАҚ өкілдері қатысты (7-сурет). Семинарда көрмеге мекеннен табылған қыш ыдыс түрлері, сәндік әшекей бұйымдар, Өзбек ханның күміс дирхемі, Өзбек және Жәнібек хандарға тиесілі мыс пұлдар қойылды. Нәтижесінде археологтар жаңадан анықталған тарихи ескерткіштің маңызы өте зор екенін атап өтті. Ескерткіштегі болашақ зерттеу жұмыстары жақсы тарихи ақпараттарға бай болады деп есептейді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru