Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Музей экспозициялары мен көрмелерді жобалау» республикалық ғылыми-практикалық семинары өтті

2021 жылғы тамыз айында "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей экспозициялары мен көрмелерді жобалау» республикалық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына ҚР Мемлекеттік орталық музейі, ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Ботай, Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтары, Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейі, Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалы, Атырау облысы Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі, Махамбет ауданы Махамбет музейлері қатынасты. Семинарда көтерілген тақырыптарға сай баяндамалар жасалды, талқылаулар өтті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru