Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Қазақстанның батыс өңіріндегі археологиялық зерттеулер және олардың нәтижелері" тақырыбында онлайн дөңгелек үстел

2021 жыл 16 наурыз күні «Сарайшық» музей-қорығы «Қазақстанның батыс өңіріндегі археологиялық зерттеулер және олардың нәтижелері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Шараға Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларынан тарихшы-археологтар, музей қызметкерлері, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелді «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д., проф. Әбілсейіт Мұқтар жүргізді. Баяндамашылар қатарында: Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал директоры, т.ғ.к. Талғат Мамыров, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Марат Қасенов, Назарбаев университетінің оқытушы ассистенті, археология және этнология магистрі Айдын Жүнісханов, «Сарайшық» музей-қорығының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің ғылыми қызметкері Айбек Тұрарұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы, археология магистрі Амангелді Зайнов, «Сарайшық» музей-қорығының бас инспекторы, тарих магистрі Амангелді Жұмабаев, «Сарайшық» музей-қорығының инспекторы Жүніс Байғалиев, «Сарайшық» музей-қорығының археологы Мир Әбдіғалиев болды. Дөңгелек үстел барысында Атырау облысындағы тас дәуірі ескерткіштері, ертеректегі қалалар мен мекендер, Семей өңірінің түркілік мәдени кешендері, Солтүстік Каспий маңы бэр төбешіктері, Сарайшықтағы «Хан моласы» зерттеулері, табылған сүйек бұйымдар, №3 қазба мәліметтері, Сарайшық қыш бұйымдарының алғашқы зерттеушісі Е.И.Агеева туралы айтылды. Сонымен қатар сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасулар болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru