Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Жемқорлық - ғасырлық дерті» атты дөңгелек үстел

2021 жыл 11 наурызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының” ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Жемқорлық - ғасыр дерті» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Мақсат- «Адалдық алаңы» жобасы туралы халықты ақпараттандыру, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Дөңгелек үстелді музей-қорық директоры Ә. Мұқтар жүргізді. Шараға Атырау облысы аумағындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері, мекемелер қызметкерлері және дін өкілдері қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, облыс және аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі, атқарылған жұмыстары, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сындарлы пікір алмасу орын алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru