Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» ІІ Республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» ІІ Республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция модераторы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар болды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі А.Жолаев ашып, конференцияны ашып, оның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Конференция спикерлері ретінде елімізге белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, мектеп ұстаздары шақырылды. Олар ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Б.Б. Кәрібаев «Өлкетанудың өзекті мәселелері» (Алматы қаласы), т.ғ.д., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті профессоры С.Н. Әлібек «Туған өлкені зерттеудің кейбір мәселелері» (Шымкент қаласы), т.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры С.С. Исмаилов «Основные проблемы краеведения в настоящее время (на примере Костанайской области)» (Қостанай қаласы), т.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы А.Т. Мәден «Өлкетану және Ақтөбе өңірі тарихының мәселелері» (Ақтөбе қаласы), Назарбаев университеті археология магистрі А.Ж. Жүнісханов «Археологиялық ықшам аудандарды зерттеу перспективалары: Көкентау кешені мысалында» (Нұр-Cұлтан қаласы), Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей меңгерушісі, «Үздік өлкетанушы» Н.Ж. Төлепов «Сырым Датұлы мен Исатай-Махамбетке қатысты тарихи жерлерді анықтау және дәлелдеу мәселелері» (Орал қаласы), Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Ә.Г. Беккалиева «Мектептегі өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелері», «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы О.Қ.Сағынбаева «Сарайшық жәдігерлері және өлкетану» тақырыптарында баяндама жасады. Сонымен бірге конференцияға еліміздің өзге қалаларының ғалымдары, өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері, магистранттар, студенттер қатысты. Конференция барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Бүгінгі өлкетану ғылымының жайы, мектеп оқулықтарындағы күрделі мәселелер, ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді жинау, тарихи-географиялық, жер-су атауларына назар аудару, облыс аралық ғалымдардың өзара байланысы т.т. талқыға салынды. 

 Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Жалпы орта білім беру бағдарламасындағы «Өлкетану» пәнінің оқытылуы. Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
  2. Өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштер
  3. Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мұрасы - әлем тарихында
  4. Сарайшық қаласы: жаңа зерттеулер және пайымдар

Конференция жинағын жүктеу

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru