Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Өлке тарихы және оның өзекті мәселелері” атты дөңгелек үстел

2019 жылы 24 желтоқсанда “Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК мен “Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты” РМҚК бірлескен “Өлке тарихы және оның өзекті мәселелері” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Сарайшық музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, Алматы қаласындағы “Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты” директоры, т.ғ.д., профессор З. Қабылдинов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен т.ғ.д., профессор Ғ. Халидуллин, Орал қаласы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей меңгерушісі Н. Төлепов баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелге Атырау облысы мәдениет мекемелерінің өкілдері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және тарих мамандығы магистранттары, облыстың тарихшы мұғалімдері қатысты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru