Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында 2019 жылдың 12 сәуірінде өткен «Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Атырау өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, бүгінгі ұрпақтың санасында көне мұраларға құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтардың бойында отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және білім беру ошақтарында өлкетану жұмысын ұйымдастыру мақсатында төмендегідей қарар қабылдайды:

  1. Орта білім беру ошақтарындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік «Өлкетану» конференциясын жыл сайын Сарайшық музей қорығында ұйымдастыру;
  2. Атырау облыстық Білім басқармасымен бірлесе отырып ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи орнында жас археологтар клубын ұйымдастыру;
  3. Облыс аумағынан тарихи жәдігерлерді Сарайшық мұражайына тапсыру шарасын қолға алу;
  4. Облыс аумағында табылған тарихи жәдігерлер туралы ақпаратты «Сарайшық» музей-қорығының мамандарына хабарлау;
  5. Аудандық білім бөлімдері өлкетану бойынша семинар-кеңес, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру;
  6. Ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихын Өлкетану оқулығындағы ақпаратты көбейту және қала тарихына қатысты ашық сабақты Сарайшық музей-қорығында ұйымдастыру.

Конференция жинағын жүктеу

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru